$ 447.4  477.55  4.76

16 желтоқсан күні қайда баруға болады?

10.00 - адамдардың суға батуының алдын алуға арналған шара өтеді.

16 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғала және 17-26 желтоқсанға не жоспарлар қандай?

16 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Жетім балалар мен күнкөрісі төмен отбасылардың балаларына арналған жаппай тегін мұзда сырғанау ("Қазақстан" спорт сарайы).

10.00 - адамдардың суға батуының алдын алуға арналған шара өтеді. Төтенше жағдайлар жөніндегі  комитет қауіпсіздікті сақтауға қатысты ақпарат таратады (Тұран даңғылы 2/1, Су-құтқару станциясы, Телефон: +7 (7172) 600975, +7 (7172) 602140, +7 (7172) 559660, +7 777 115 38 84, ps@emer.kz).

10.00 - Өрт қауіпсіздігін сақтауға бағытталған ауқымды шара ұйымдастырылады (Бейбітшілік көшесі, 22. Телефон: +7 (7172) 600975, +7 (7172) 602140, +7 (7172) 559660, +7 777 115 38 84, ps@emer.kz).

18.00 – "Жыл әні" концерті ("Барыс Арена" стадионы).

19.30 - "Шаншар — 25 жыл" концерті ("Астана" концерті залы,  Бейбітшілік көшесі, 1/1).

21.00 – Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік отшашу. Отшашуды Есіл жағалауы, Хан Шатыр маңы, Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында тамашалауға болады.

АЛМАТЫ

11.00 – Илья Авербухтың "Щелкунчик и Мышиный король" мұз шоуы. Спектакль екі күн, 16 – 17 желтоқсанда өтеді (Almaty Arena, "Алғабас-1 шағын ауданы". Байланыс телефоны +7 707 346 34 66).

18.00 - Independence Day кәсіби бокс кеші. Шара кезінде Казақстан, Өзбекстан, Нигерия, Оңтүстік Африка Республикасы, Тайланд, Филиппин, Грузия, Ресей мен Әзірбайжан бокшыларының қатысуымен 12 жекпе-жек өтеді. Тікелей эфир әлемнің 60 мемлекетіне таратылады (Балуан Шолақ атынадағы спорт кешені, Абай көшесі, 44).

17 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – "Сахнагер-2019" ұлттық театр сыйлығының салтанатты марапаттау кеші өтеді. Шараны Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан театрлар ассоциациясы ұйымдастырады.  Ұлттық театр сыйлығы елімізде биыл үшінші рет өз иегерлерін тауып, лауреаттардың шығармашылық жетістіктері республикалық деңгейде марапатталады. Олардың қатарында драма, опера, балет, қуыршақ, жастар театрларында еңбек етіп жүрген, айырықша дарыны мен шығармашылығы арқылы ел өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан кәсіби мамандар бар (Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар театры, байланыс телефондары 8 707 955 76 26, 8 702 319 18 08).

18 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Мәжілістің жалпы отырысы (Мәңгілік Ел даңғылы, 2). 

10.30 – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың қатысуымен "Digital Samruk-2019" конференциясы өтеді ("Самұрық-Қазына" ҰӘҚ, Е10 көшесі, 17/10. Аккредитация +7 (7172) 55 26 89,  +7 (7172) 55 27 10; + 7 700 545 02 01 телефондары немесе press@sk.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

12.20 – Нұр-Сұлтанның 2019 жылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты. Жиын орталық коммуникациялар қызметінде өтеді. Спикер: қала әкімі Алтай Көлгінов (аккредитация +7 (7172) 55-93-40 телефоны немесе sck.astana@gmail.com электрондық мекенжайы бойынша жасалады).

16.00 – "Астанаэнергосбыт "ЖШС электр энергиясының 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек саудада сату бойынша шекті бағасының жоғарылағаны туралы қоғамдық тыңдау. Ұйымдастырушы: Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті (Алматы ауданы әкімінің аппараты, Тәуелсіздік даңғылы, 7, мәжіліс залы).

20 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Christmas Fair Рождество жәрмеңкесі. Мерекелік жиынтықтар, жаңа жылдық үстелге арналған тәттілер, үй әшекейлері, зергерлік бұйымдар, аң терілері және тағы басқа заттар ұсынылады. Көрме 5 күнге созылады: 20-24 желтоқсан ("Көрме" көрме орталығы. Достық көшесі, 3).

19.30 – Сергей Прокофьевтің музыкасына қойылған "Золушка" балет-ертегісінің тұсаукесері ("Астана Балет" театры).

22 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.00 - QAZAQ MUSIC AWARDS республикалық сыйлығын табыстау салтанаты (Almaty Arena мұз сарайы).

26 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 - Ресей Федерациясының халық әртісі Алтынай Асылмұратованың қойылымында "Щелкунчик" балеті ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды.

Дереккөз: Spıtniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары