$ 524.65  552.19  5.14

«Болатбек неге жоқ?»: «Алтын домбыраға» қатысатын айтыскерлердің тізімі жарияланды

1. «Азаттықтың ақ таңы» айтысы. 05.03.2019 ж. Орал қаласы. Бас жүлде — Р. Қайыртай.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «Алтын домбыра» республикалық қорытынды айтыс биыл сегізінші рет өткелі отыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

VIII «Алтын домбыра» айтысына негізінен жыл бойы өткен айтыстардың қорытындысын есепке ала отырып, жүлделі, ең белсенді өнер көрсеткен ақындар ғана қатысуға  құқылы екені баршаңызға аян. Дегенмен, әлеуметтік желілер арқылы тараған қатысушылар тізімі көпшілік жанкүйерлер арасында пікірталас туғызды. Бұған себеп, қорытынды айтыста өнер көрсетуге құқылы бірнеше ақынның қатысушылар тізімінде болмауы. Әркім сан-саққа жүгіртіп, «Болатбек неге жоқ?», «Ринатты неге қатыстырмайды?», «Мейірбек қайда?», «Еркебұланды күтіп едік»  деген сауалдарға жорамалмен жауап іздеп көрді. Бірнеше ақынның қорытынды айтысқа қатыспайтыны белгілі болғанымен, қалған ақындар өз ретімен ертеңгі өтетін аламанға дайын. 

Алдымен, ақындар қалай іріктелгенін баяндап өтейік. 

2019 жылы «NurOtan» партиясының қолдауымен, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ ұйымдастыруымен  іріктеу айтыстары  болып саналатын 13 Республикалық және  Халықаралық  айтыс өткен болатын. Олар:

1. «Азаттықтың ақ таңы» айтысы. 05.03.2019 ж. Орал қаласы. Бас жүлде — Р. Қайыртай.

2. «Ұлы даланың ұлағаты» атты айтыс. 12-13 наурыз, 2019. Атырау қаласы. Бас жүлде — Д. Қами.

3.  «Қайың де мені көшпейтін туған өлкемнен» 17.03.2019 ж. Қызылжар қаласы. Бас жүлде — С. Құсанбаев.

4. «Жамбыл- менің жай атым, Халық-менің шын атым» 03.04.2019 ж. Тараз қаласы. Бас жүлде — Қ. Мырзахан. 

5. «Туған жерге туың тік» ШҚО, Ақсуат. 16.06.2019 ж. Ақсуат. Бас жүлде — Е. Аманқожа.

6. «Ел айбыны, жыр айдыны — Алакөл» ШҚО. Үржар. 14.07.2019 ж. Бас жүлде — Е. Қайназар.

7. Жыр жұлдызы — Фариза» 12-13 қыркүйек, 2019 ж. Атырау. Бас жүлде — Тү Мықи.

8. «С. Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған айтысы» 18-19 қыркүйек, 2019 ж. Қарағанды. Бас жүлде екі ақынға —  М. Ақанов, Ж. Бұлғақов.

9. «Бейімбеттің биігі» 26-27 қыркүйек, 2019 ж. Қостанай. Бас жүлде — А. Қалиев.

10. «Отан отбасынан басталады» 30.09.2019 ж. Алматы. Бірінші орындар — Қ. Ақылбеков пен Р. Қайыртай.

11. «Береке бірлігіңде, елім!» 19.10.2019 ж. Нұр-Сұлтан. Бас жүлде — Е. Қайназар.

12. «Тарихы терең, еңбегі ерен Жалағаш». 23.10.2019 ж. Қызылорда облысы. Бас жүлде — М. Ниязов.

13. «Келешегі кемел — кенді өлке» 01.12.2019 ж. Қарағанды облысы. Бас жүлде — Е. Қайназар.

Міне, осы айтыстардың жеңімпаздары бірден «Алтын домбыра» айтысына жолдама алды. Ал, қалған ақындар 1, 2, 3 орындарға және финалға өткен үшін, қатысқаны үшін  берілетін ұпайлардың жиынтығын қосып, алғашқы жиырма орында тұрған ақындар қатысуға құқылы болды. 

Төмендегі кестеде  көрсетілген белгілер:  Мұнда «Айтыс» — қатысқан айтыстар саны, «БЖ» — бас жүлде (100 ұпай), «І» — 1-орын (75 ұпай), «ІІ» — 2-орын (50 ұпай), «ІІІ» — 3-орын (25 ұпай), «АС» — ақтық сынға өткені үшін (10 ұпай, финалға өтіп, орынға ілікпегендер үшін), «ҚҮ» — қатысқаны үшін (5 ұпай) деп межеленген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары