$ 494.87  520.65  4.91

«Мисс Астана 2020» сұлулық сайысының финалына шыққандар қайырымдылық жасады

Кейде мұқтаж жандарға қол ұшын созу үшін жеке ресурстар да жеткілікті.

Елімізде жарияланған Жастар жылының аяқталуы мен Еріктілер жылының басталуына орай, «Мисс Астана 2020» сұлулық сайысының финалына шыққан арулар бірқатар қайырымдылық акцияларына қатысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекеттің, бизнес пен қоғамның әлеуметтік серіктестігі елдің тұрақты дамуына және әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қосылу үшін аса маңызды екені анық. Бұның барлығы әр азаматтың жеке әлеуметтік жауапкершілігінен басталады. Ал астаналық жиырма арудың әлеуметтік бастамасы өзгелерге ерекше мотивация мен өнеге деп айтуға әбден болады.

«Жақсылық жасауды қазір баста» принципін негізге ала отырып, байқауға қатысушы арулар өз әрекеттерімен «қайырымдылық жасау үшін қаржының болуы шарт емес» екенін дәлелдеп келеді. Кейде мұқтаж жандарға қол ұшын созу үшін жеке ресурстар да жеткілікті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Астана