Ақтөбеде ер адам полиция бөлімшесіне есірткімен келді, деп хабарланды Мой ГОРОД.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бөлімшеге Ақтөбе қаласының тұрғыны әкімшілік материал бойынша келген.
Полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін оның көлігін айып тұрағына қамаған. Тінту барысында одан газетке оралған есірткіге ұқсас зат табылған.
Ер адам есірткінің қалтасында жүргенін ұмытып кеткен екен.