16.12.2019, 07:35

16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Cиноптиктер бұған дейін бірқатар өңірде ескерту жариялаған болатын.

16 желтоқсан күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты батыс өңірлерде жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын жауады, солтүстік-шығыста және шығыста – қар түседі. Республиканың жекелеген аумақтарын тұман басып, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Қазгидромет» РМК ақпаратына сүйенсек, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жамбыл, Қызылорда облыстарында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. 

Еске салайық, синоптиктер бұған дейін бірқатар өңірде ескерту жариялаған болатын.

Тегтер: ауа райы