$ 448.56  478.03  4.79

Ресейдегі хоккей турнирінде Қазақстанның әнұраны Чехия спортшыларына арналды (ВИДЕО)

Ресей хоккей федерациясы ресми сайтында болған жағдайға байланысты елдерден кешірім сұрады.

Ресейдегі хоккей турнирінің Бірінші арна Кубогында Чехия мен Қазақстанның әнұраны ауысып кетті, деп хабарлайды Lenta.ru-ге сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқиға 15 желтоқсанда Чехия мен Швеция ойыны кезінде болды. Ұйымдастырушылардың қателігінен спортшылар әнұранды акапелла орындап шықты. Сол үшін трибунадағылар ұйымдастырушыларды сөкті.   

Ресей хоккей федерациясы ресми сайтында болған жағдайға байланысты елдерден кешірім сұрады.

Осы матчта Чехия құрамасы 1:3 есебімен жеңіліс тапты. Шведтер алты ұпаймен турнирде жеңіске жетті. Ресей құрамасы бес ұпаймен екінші орынды иеленді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары