"Зита мен Гита" үнді фильмінде басты рөлді сомдаған атақты Болливуд актрисасы Хема Малини қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Сыртқы істер министрлігінің ресми телеграмм парақшасында Болливудтық атақы актриссадан келген 16 секундтық видео жарияланды.
Кадрдан Малинидің қазақтың ұлттық киімімен тұрғанын байқауға болады.
Ол Қазақстан Республикасының тұрғындарын тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Сондай-ақ, Малини өзінің тілегін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа да бағыттады.
Осы 16 секундтық видеода актриса Қазақстанға "Үндістанның билері" атты концерттік бағдарламамен жақын арада келетінін айтты.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
"Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды. Бізге даму мен жасампаздықтың жаңа мүмкіндіктері туды. Мемлекетіміз халықаралық деңгейде мойындалып, тиімді басқару жүйесі мен қуатты экономика құрды", - деді ол Twitter желісіндегі парақшасында.