$ 444.22  476.38  4.82

Илья Ильин Польшада өткен қол күресі бойынша Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Румия қаласында өткен жарысқа әлемнің 30 елінен келген 500 жуық кәсіби қол күресі шеберлері қатысып, бақ сынады.

Ақмолалық армрестлер Илья Ильин Польшада өткен қол күресі бойынша Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, Румия қаласында өткен жарысқа әлемнің 30 елінен келген 500 жуық кәсіби қол күресі шеберлері қатысып, бақ сынады. 

«105 келіге дейінгі салмақтағылар арасында Ақмола облысынан барған армрестлер Илья Ильин Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды», - дейді облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Илья Ильин