$ 441.66  475.14  4.86

Шымкенттік жастарға пәтер кілті табысталды

Қаладағы медицина, білім және басқа да салаларда еңбек ететін 30 жас маман тұрғын үймен қамтылды.

Бұл күні Шымкенттегі түрлі салада жұмыс істейтін жас мамандар да қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қаладағы медицина, білім және басқа да салаларда еңбек ететін 30 жас маман тұрғын үймен қамтылды. Жыл соңына дейін тағы 874 пәтер беру жоспарланған. Бес жылға жалға берілетін бұл тұрғын үй бағдарламасы Жастар жылы аясында жүзеге асты. Осылайша жастар жекеменшік баспанаға бастапқы жарна жинақтауға мүмкіндік алмақ. 

Айта кетейік, алдағы екі жылда шымкенттік жастар үшін 900 пәтерден бөлінетін болады. Сөйтіп, бағдарлама аясында 2704 жас маман жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етілмек. Нұржан Пірманов, қала тұрғыны: – Пәтерлі болып отырмыз. 

Үлкен рақмет. Біз сияқты жастарға үлкен қолдау көрсетіп, баспаналы болып, аяққа тұрумызға көмек беріп жатыр. Алғысымызды айтамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент