Бейнеу ауылында 18 жастағы бойжеткен өзіне қол салып қайтыс болды деп хабарлайды Tumba.kz. Марқұмды туыстары үй ауласындағы қорада асылып тұрған жрінен тауып алған.
Тәртіп сақшылары оқиғаның суицид екені анық болса да сот-медициналық сараптама аяқталмай қорытынды айтуғ әлі ерте дейді. Бойжеткеннің денесінде ешқандай зорлық-зомбылықтың бегісі жоқ.
Қазіргі таңда тергеушілер қызды өзін-өзі өлтіруге не итермелегенін анықтап жатыр. Туыстары болса оның ешкіммен ренжіспегенін, ешқандай оғаш қылық көрсетпегенін айтып отыр. Марқұм артынан ешқандай хат жазып қалдырмаған.