Балқаш қаласының маңында теміржол өткелінде жүк пойызы мен жол талғамайтын көлік соқтығысты. Оқиға салдарынан екі ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17 желтоқсан күні Балқаш қаласынан 37 шақырым қашықтықта «Балқаш-Саяқ» бағытындағы теміржол тармағының шлагбауммен жабдықталмаған өткелінде Балқаш қаласының 56 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Тойота Прадо» автокөлігімен «Балқаш-Саяқ» бағытындағы жүк пойызы соқтығысты.
Оқиға салдарынан «Тойота Прадо» автокөлігінің жүргізушісі мен оның 33 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, сондай-ақ аталған автокөліктің 47 жастағы жолаушысы әртүрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі «Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.