Жаңалықтар 18.12.2019 сағат 05:27

«Тазабектер мен Бекболаттардан айырмашылығы жоқ»: әдебиеттанушы ақын-жазушыларды сынады

«Авторитарлы билікке құралаған жүйе түптің түбінде күйреп тынары анық дей келе, ол ең қауіпті адам - немқұрайлы адам деп бастады сөзін».
«Тазабектер мен Бекболаттардан айырмашылығы жоқ»: әдебиеттанушы ақын-жазушыларды сынады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

 

Әдебиеттанушы  Тілек Ырысбек өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақ ақын-жазушыларын сынап, оларды Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабековпен теңестірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Авторитарлы билікке құралаған жүйе түптің түбінде күйреп тынары анық дей келе, ол ең қауіпті адам - немқұрайлы адам деп бастады сөзін.
«Оған руханияттың да тигізер әсері бөлекше. Француз, испан, неміс тіпті латын америка әдебиеті оған анық мысал. Ал, осы тұрғыда мүйізі қарағайдай қазақ ақын-жазушылары аузын буған өгіздей үнсіз және марапат сүйгіш. Тіпті әлеуметтік желіде ашық пікір білдіруге құлық білдіре алмайтын оларды қорқақ деп түсінуге болмас, бірақ, билікке жағымпаз деуге толық негіз бар. Осы тұрғыда оларды Тазабектер мен Бекболаттардан еш айырмашылығы жоқ мүдделестері және жақтастары деп бағамдаймын.  Олардың көкейін тескен ортақ мүдде – ақша, марапат, қызмет, мүшәйра һәм мемлекеттік сыйлық.
Өзіміздегі аударма саласының мүгедектігіне қарамастан әлем тілдеріне аударылып, ақша беріп танымал болу. Марсель Пруст, Джеймс Джойс, Франс Кафка, Достаевский, Марио Варгас Льоса, Борхес, Сэмюэл Бекет, Жан Поль Сартр, Альбер Камю және т.б авторларды түпнұсқадан толық аудармай жатып әлемге құлаш сермеу. Бұл Дон Кихоттық! Басқа айтарым жоқ!», – дейді Тілек Ырысбек.  

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар