$ 467.98  533.87  6.11

Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО)

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бірнеше автокөлікке зақым келген.

Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Астана қаласының полициясы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ұсталу сәті түсірілген бейнежазбаны жариялады. Спортшының мас күйінде көлік тізгіндегені анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан бірнеше автокөлікке зақым келген. Алдын ала ақпарат бойынша, Данияр Елеусінов Toyota Land Cruiser маркалы көлікті басқарып келе жатып, бірнеше көлікпен соқтығысқан. Оқиғадан кейін жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалғанымен, көп ұзамай полиция қызметкерлерінің қолына түскен.

Оқиғадан кейін әлеуметтік желіде Елеусіновке тиесілі делінген көліктің фотосуреттері тарады. Кадрлардан қара түсті Toyota Land Cruiser 250 Prado жол талғамайтын көлігінің алдыңғы бөлігі айтарлықтай зақымданғанын көруге болады. Әсіресе, көліктің сол жақ алдыңғы тұсы қатты соққы алған: бампері бүлінген, капоты мен қанаты майысқан, фаралары сынған, сондай-ақ пластикалық доңғалақ аркасының қаптамасы жұлынып қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0