19.12.2019, 01:43

26 желтоқсанда Қазақстанда Күн тұтылады

Фото: Pixabay.com
Алматы тұрғындары 26 желтоқсанның таңертең сағат 10:11-де ерекше құбылысты көре алады.

26 желтоқсанда Қазақстанда Күн тұтылады. Астрофизик маман табиғи құбылыстың дәл уақытын айтып берді деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы тұрғындары 26 желтоқсанның таңертең сағат 10:11-де ерекше құбылысты көре алады. 

"Күн дискісінің 1/3 жабық болады. Тұтас тұтылу циклі бір сағат ішінде көрінеді, яғни максималды фазаның басталуына жарты сағат қалғанда Ай Күн дискісін жаба бастайды және максималды фазадан кейін шамамен бір жарым сағат ішінде ақырындап ашыла бастайды", - деді профессор Тейфель.

Сондай-ақ Күн тұтылуының толық фазасы Сауд Арабиясында, Индияда, Шри-Ланкада, Сингапурда, Малайзия мен Индонезияда байқалады.

Тегтер: күн Қазақстан