19.12.2019, 12:45

Тағамдардың құрамынан адамның емделуін тежейтін антибиотиктер анықталды

фото: vechastana.kz
Микробқа қарсы препараттар көбінесе асқазан-ішек жолының табиғи микрофлорасын тежейді, иммунитеттің төмендеуіне және аллергиялық аурулардың дамуына септігін тигізеді.

Ұлттық сараптама орталығы өнімдерінде антибиотик қолданатын кәсіпорындарды атады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне қарасты Ұлттық сараптама орталығының зертханалары тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ҚР ДСМ ТКҚСҚБК Ұлттық сараптама орталығының зертханалары 2019 жылдың 9 айында антибиотиктердің қалдық санын анықтау бойынша шамамен 5 757 зерттеу жүргізді.

Оның ішінде, хлорамфеникол препараты анықталған, антибиотиктердің шекті рұқсат етілген концентрациясының артуымен 11 жағдай анықталды.

Зерттеуде Қазақстанның негізгі рационына кіретін өнімдер қамтылды.

Фото: 4vsar.ru

Атап айтқанда, олар - сүт және сүт өнімдері, құс еті, ет және ет өнімдері, құс жұмыртқасы және өзге де азық-түлік тауарлары.

Зерттеу нәтижелері бойынша, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін және Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бұзушылар қатарына келесі өнімдер кірді:

Бекон «Здоровая ферма», пісірілген-ысталған ет өнімі, өндіруші: «Здоровая Ферма Деликатесы» ЖШҚ, Ресей Федерациясы;

Сорпа үшін жиынтық, бройлер балапандары етінен жасалған мұздатылған жартылай фабрикат, өндіруші: «Агрофирма Боровская» ЖАҚ, Ресей Федерациясы;

Бройлер балапандары етінен жасалған жартылай фабрикаттар, өндіруші: «Уральская мясная компания» ЖШҚ, Ресей Федерациясы;

«Достойный выбор» котлет фаршы, өндіруші: «Фининвест» ЖШҚ, Ресей Федерациясы;

Бройлер балапандарының тұтас еті, өндіруші: «Птицефабрика Среднеуральская» ЖШҚ, Ресей Федерациясы;

«Балтийская» ветчинасы, өндіруші: «Кудряшов мясокомбинат» ЖШҚ, Ресей Федерациясы;

«Фантазия» шошқа етінен жасалған орамасы, өндіруші: «Советский» ет комбинаты ЖАҚ, Ресей Федерациясы;

Бройлер балапандары етінен жасалған субөнімдері, өндіруші: «Алтайский Бройлер» АҚ, Ресей Федерациясы;

«Кавказский» мұздатылған кәуәбі, өндіруші: «Омский Бекон» АҚ, Ресей Федерациясы;

«Мұсылман» пісірілген шұжықтық өнімдері, өндіруші: ЖШС «Жайық Агро LTD», Қазақстан Республикасы.

Бүгінгі таңда тыйымға қарамастан, хлорамфеникол ветеринарлық тәжірибеде жануарларды емдеу үшін ғана емес, олардың өсуін ынталандыру үшін де кеңінен қолданылады. Антибиотик адам ағзасына тамақ өнімдерімен түскен сәтте, микроорганизмдердің бактерияға қарсы препараттарға сезімталдығын төмендетеді. Бұл өз кезегінде жұқпалы ауруларды емдеуді қиындатады.

Бұдан бөлек, микробқа қарсы препараттар көбінесе асқазан-ішек жолының табиғи микрофлорасын тежейді, иммунитеттің төмендеуіне және аллергиялық аурулардың дамуына әкеп соғады.