$ 494.87  520.65  4.91

Тасмағамбетов Ресейдегі әріптестерімен қоштасты

Жазбада айтылғандай, бұл жоғары лауазымды қызметті Иманғали Нұрғалиұлы үш жыл бойы атқарған.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен босатылған Иманғали Тасмағамбетов өзінің әріптестерімен қоштасты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram парақшасының арқасында мекеменің бұрынғы басшысы қатысқан жиналыс туралы белгілі болды.

Жазбада айтылғандай, бұл жоғары лауазымды қызметті Иманғали Нұрғалиұлы үш жыл бойы атқарған.

Әріптестеріне қарата сөйлеген Тасмағамбетов біріге жасаған нәтижелі жұмыс үшін алғысын жаудырды. Сондай-ақ, өзінің ізін басатын жаңа басшы қолда бар кадрларды сақтайтынына үміт білдірді.

Саясаткер барлығының Отанымыз бен Қазақстанның игілігі жолындағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Өз кезегінде, экс-елшінің бұрынғы әріптестері оның жоғары қасиеттерін атап өтті және оларға берілген тәжірибе үшін ризашылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, Иманғали Нұрғалиұлы өзінің кәсібилігімен ғана емес, ұқыптылығымен, ілтипатшылдығымен және басқа да адами қасиеттерімен ерекшеленді.

Сөз соңында Тасмағамбетов елшіліктегі дипломатиялық қызметін оның өміріндегі ең жағымды кезең деп санайтынын айтты.

Еске сала кетейік, Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды. 

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды", – делінген құжатта.

Айта кетейік, тоғызыншы желтоқсан күні Иманғали Тасмағамбетов 63 жасқа толды. Пайғамбар жасын саясаткер қасиетті Меккеде қарсы алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары