$ 494.87  520.65  4.91

«Төсіңнің ұшы қап-қара екен»: Жанар Айжанова Тасованы ұялтты (ВИДЕО)

Бұны тыңдаған Тасова жай ғана жымиып, ұялғандай болды.

Әнші Жанар Айжанова модель Динагүл Тасованың былтырғы жалаңаштанғаны жайлы ойын ашық айтты. Өнер иесі Тасованың қылығын қазақ қызына сай емес екенін әрі ақыл тоқтатқан адамның ісі бұндай болмайтынын жеткізді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Емшегіңнің ұшы қап-қара екен. Ең болмаса, соны дизайнерлер қарауы керек еді. Олар жақсы, рейтингті көтеріп алуы керек. Жасың 29-да. Кәрі қыздардың қатарындасың. Ашылатын, шашылатын жастан кеттің. Тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кете беруге міндетті емессің. Өйткені, жас емессің. Мынаны көргеннен кейін еркектер ана емшекті ұстап көргісі келеді», - деді Айжанова «Salem» жобасында. 

Бұны тыңдаған Тасова жай ғана жымиып, ұялғандай болды. Айтуынша, 8 жыл бұрын анасы қайтыс болған. Әкесі болса, модельдің жеке өмірі мен жұмысына мүлде араласпайды екен. 

Еске сала кетейік, былтыр қараша айында астаналық модель Динагүл Тасова «Fashion Night Astana» сән көрсетіліміне қатысып, сән сахнасына ерекше көйлек киіп шыққан сәтінің суреттері желіде тарап кеткен еді. Суреттерден депутаттың жұқа әрі селдір матадан тігілген көйлек кигені байқалады. Белгілі болғандай, ол Dana Dyusembayeva сән үйінің көйлегін таныстырған. Сәнгердің ойластыруы бойынша, модель көйлектің ішінен ішкиім кимеуі тиіс.

Осылайша, тәнін ашық көрсеткен Данагүл Тасова жұрттың қызу талқысына түсіп, қолданушыларының дені оның тым ашық көйлегін қатаң сынға алған болатын.

Кейін ол өзін әлдекімнің ұрып кеткенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары