$ 494.87  520.65  4.91

БҚО-да жол апатынан көз жұмғандар саны 5 адамға жетті

БҚО-дағы Орал-Ақсай тас жолының бойында кеше күндізгі сағат 16:30 шамасында "Фольксваген Шаран" мен "Лада Приора" автокөліктері соқтығысқандығын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Аталған апаттан оқиға орнын үш адам қаза тапса, бүгін тағы екі жолаушы көз жұмды деп хабарлайды "Мой Город" порталы.

"Оқиға салдарынан бес адам көз жұмып, үшеуі түрлі дене жарақаттарын алды. Қазіргі таңда аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүрігізіліп жатыр" делінген БҚО ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жыл басталған 18 күннен бері Батыс Қазақстан облысында барлығы 11 ірі жол көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 10 адам қайтыс болған жәнре 21-і жарақ алыпты. Өткен жылдың дәл осы уақытында 14 жол апаты тіркеліп, 5 жолаушы көз жұмған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары