$ 498.34  519.72  4.85

Жол бойынан тағы бір өлі нәресте табылды

Маңғыстау облысында картон ораптың ішінен өлі нәресте табылды, - деп хабарлайды Tumba.kz.

Басылымның мәліметінше, Бейнеу ауданындағы Сарға ауылының тұрғыны 17 қаңтарда аудандық ІІБ-ге хабарласып, сағат 17.00 шамасында республикалық Ақтау - Атырау тас жолынан, Сарға ауылынан 900 метр жерде картон қорап тапқанын айтады. Қораптың ішінде өлі нәресте болыпты. "Полицейлер мәйітті мәйітханаха жеткізді. Ол жерде нәрестенің қыз бала екені анықталды", - делінген басылымда.

Айта кетейік, полицейлер нәрестенің анасының аты-жөнін анықтап үлгерді. Ол 1978 жылғы әйел болып шықты. Ол полицейлерге баласының өлі күйінде туылғанын айтқан. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін мұндай жағдай  Жамбыл облысында болған еді. Сәбидің жансыз денесі 13 қаңтарда Бостандық-Ақкөл тасжолының жиегінде табылған.

Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары