38 жыл бойы үздіксіз зерттеу жүргізген ғалымдар адамның қауіпті ауруға шалдығуына байланысты тың деректерді анықтап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, medicalxpress.com-ға сілтеме жасап.
Ғалымдардың зерттеуіне 117 мың адам қатысқан. Олар әр екі жыл сайын денсаулығына байланысты сауалнама толтырған.
Нәтижесінде америкалық ғалымдар адамның туған айы мен жүрек ауруларының байланысын анықтады. Ол зерттеудің нәтижесі Тhe BMJ сайтында жарияланды.
Ғалымдар зерттеу жүргізуге 38 жылды сарп етіпті. Оған 30-55 жас аралығындағы 117 мың адамның денсаулығы тексерілген. Әр екі жыл сайын қатысушылар денсаулығы мен өмір сүру салтына қатысты сұрақтарға жауап берген.
Зерттеу процесі жүріп жатқан 38 жылдың ішінде зерттеуге 43 мың адам өмірден өтіп кеткен екен. Оның 8 360-ы жүрек-қантамыр аурулары салдарынан қайтыс болған көрінеді.
Мәселен, ғалымдар көктем, жаз мезгілдерінде дүниеге келген адамдардың жүрек ауруынан көз жұму қаупі басқа мезгілдерде өмірге келгендерге қарағанда анағұрлым жоғары екендігін анқытады.
Жүрек-қан тамырлары дерті күзде туғандарда сирек кездесуі мүмкін. Бұған рацион мен ауаның ластану көрсеткіші әсер етеді екен. Бұған қоса, Санасының аяғы ауыр болған кезде және баланың кішкентай кезінде болған күн жарығының мөлшеріне де байланысты болуы мүмкін.
Ғалымдардың пайымдауынша, мұның себептері әлі де кеңінен зерттеуді қажет етеді.