$ 494.87  520.65  4.91

«Киімің қайда?»: Жаңаөзенде 10 жезөкшені ұстау кезінде бір қорап мүшеқап табылды (ВИДЕО)

Видеода саунадағыларды ұстау кезінде бір қорап мүшеқап көрсетілген.

Жаңаөзенде жергілікті сауналардың бірін тексеру кезінде "тығылып жезөкшелікпен" айналысып жатқандарды полиция қызметкерлеріне қолға түсірді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

21 желтоқсанда кешкі уақытта облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі және Жаңаөзен қалалық полиция бөлімінің криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жеңіл жүрісті қыздарды анықтау мақсатында рейд жүргізді.

Фото: видеодағы кадрдан скриншот

 Үш сағатқа созылған рейд барысында, Жаңаөзеннің полиция бөліміне 10 жеңіл жүрісті қыз-келіншек жеткізілді. Бір өкініштісі, ұсталған 10 адамның 9-ы қазақ қызы болса, біреуі ғана өзбек ұлтынан екендігі анықталды.

Саунадағыларды ұстау кезінде түсірілген видеода оқиға орнынан бір қорап мүшеқап табылғаны көрсетілген. Полиция қызметкерлері "Қыздар, киініңдер, киімің қайда?" дегеніне қарамастан, беттерін матамен жауып, халат киген әйелдердің  басқа бөлмеге қарай қашып бара жатқанын байқауға болады. Дәл осы видеодағы кадрлардан бетін матамен бүркемелеген келіншектерді көрген ютуб қолданушысы "Беті ашылмағандар отыр ғо" деп мысқылдапты.

 Тәнін саудалап, жеңіл жүріске салынғандардың ісіне тосқауыл қою мақсатында ұйымдастырылған шараның нәтижесінде, ұсталғандардың атына түрлі дәрежедегі хаттамалар тіркелді. Енді олар ҚР-ның заңдары бойынша айыппұл төлеп немесе жазасын өтеуі мүмкін.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары