22.12.2019, 16:30

Облыс әкімнің орынбасары әйелі туралы қауесетке нүкте қойды

фото: inaktau.kz
Маңғыстау тұрғындары арасында облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаевтың әйелі күйеуінің көмегімен жұмысқа орналасты деген гу-гу әңгіме тарады.

Соңғы кездері әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаевтың әйелі күйеуінің арқасында мұнай компаниясына кеңесші болып орналасқаны туралы қауесет таралуда.Ал Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев болса, әйелінің өз ісінің маманы екенін айтып, оның ешкімге бағынышты емес екендігін жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Inaktau.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау тұрғындары арасында облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаевтың әйелі күйеуінің көмегімен жұмысқа орналасты деген гу-гу әңгіме тарады. Желідегі блогерлердің айтуынша,жоғары лауазымда қызмет атқаратын жұбайының арқасында "Қаражанбасмұнай" компаниясына штаттан тыс кеңесші болып кірген көрінеді.

Күйеуі бұл ақпаратты жоққа шығарды.Қыраубаевтың сөзіне сенсек, бұл ротациямен, "Самұрық Қазына"  АҚ ішіндегі кадрлық ауыс-түйіспен байланысты екен.

"Оны "Қаражанбасмұнай" компаниясына штаттан тыс кеңесші қызметіне шақырды. Мен бұған араласқан жоқпын. Ол 20 жылдан астам коммуникация саласында жұмыс істеп келеді. Өз ісінің нағыз маманы. Кейбір журналдарда редактор болды, жаңалықтар жүргізді. "Самұрық Қазынада" жұмыс істеп жүргеніне он жылдан асты. Ол ешкімге бағынышты емес, өзі ақша табады. Адамның өзі жақсы білетін салада еңбек етуі қалыпты жағдай", - деді Қыраубаев брифинг барысында.