23.12.2019, 03:26

Жылына 126 мың доллар жалақы төлейтін жұмыс орны ашылды

Аустралияның антарктика бөлімі Антарктидадағы станцияға қара жұмысшы іздеп жатыр.

Кандидатқа қандай да бір нақты талап қойылып отырған жоқ: ол кәсіби шеберлікті қажет етпейтін әртүрлі жұмыстарды атқарады.

Аустралияның антарктика бөлімі Антарктидадағы станцияға қара жұмысшы іздеп жатыр: өтініш берушіге 126 мың доллар көлемінде жылдық жалақы ұсынылды. Кандидатқа қандай да бір нақты талап қойылып отырған жоқ: ол арнайы немесе кәсіби шеберлікті қажет етпейтін әртүрлі жұмыстарды атқарады, деп жазады sputniknews.kz. 

Жалақыдан басқа, ол қызметкерге 40 мың доллар көлемінде арнайы жәрдемақы беріледі. Сонымен бірге, қызметкердің тамағы мен жүріп-тұру шығынын бөлім өз мойнына алады. 

Кандидат іріктеудің екі кезеңінен өту керек: онда адамның ептілігі мен тұрақты шағын ұжымда қаншалықты ұзақ жұмыс істей алатындығы анықталады. Бұл бос жұмыс орнына кез келген адам өтініш бере алады – бөлім құжаттарды 2020 жылдың 23 қаңтарына дейін қабылдайды.

Тегтер: Аустралия