23.12.2019, 16:30

Қазақстан Дубайда өтетін ЕХРО көрмесіне бюджеттен 9 млрд теңге жұмсамақ

Фото: Reactor.inform.kz
Бұған дейін Дубайда өтетін EXPO-2020 көрмесінде Қазақстанға ең үлкен орындардың бірі берілгені белгілі болған еді.

Қазақстан 2020 жылы Дубайда өтетін EXPO көрмесіне қанша ақша жұмсайтынын Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бүгінгі брифингте айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Baq.kz-ке сілтеме жасап,

Павильонды дайындау жұмыстары жүргізілді, оған былтыр бюджеттен шамамен 9 миллиард теңге бөлінді. Павильон бөлшектеліп, Қазақстанға осы қаражаттың, кейін өңірлерде немесе астанада әрі қарай өз рөлін атқара береді, – деді Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен  баспасөз мәслихатында. 

Өздеріңізге мәлім, бұған дейін Дубайда өтетін EXPO – 2020 көрмесінде Қазақстанға ең үлкен орындардың бірі берілгені белгілі болған еді.