$ 447.4  477.55  4.76

Көктайғақтың кесірінен 69 көлік бір мезетте жол апатына ұшырады (ВИДЕО)

Жергілікті полиция Twitter-де апат Ричмонд қаласынан бірнеше ондаған шақырым жерде орналасқан Квинс-Крик көпірінде болғанын хабарлады.

АҚШ-тың Вирджиния штатында жаппай ірі жол апаты болды – 69 жеңіл және жүк көлігі бір-біріне соқтығысты,-деп хабарлайды sputniknews.kz

Жергілікті полиция Twitter-де апат Ричмонд қаласынан бірнеше ондаған шақырым жерде орналасқан Квинс-Крик көпірінде болғанын хабарлады.

Ірі апаттың салдарынан 50-ден астам адам жарақат алды, екеуі ауыр жағдайда ауруханаға түсті.

Желіде жарияланған видеолардан автокөліктер бірінің артына бірі соғылғанын көруге болады.

Кейбіріне өте қатты зақым келген. Полиция ірі апатқа тұман мен көктайғақ себеп болғанын атап өтті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары