$ 514.65  544.6  5.17

Атырауда энергетикалық кәмпиттен уланған бала ауруханаға түсті

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген ақпаратқа сәйкес, дәрігерлер балаға «Кәмпиттердегі кофеиннен улану» деген диагноз қойды.
Фото: kaz.zakon.kz
Фото: kaz.zakon.kz

Атыраулық дәрігерлер тәтті кәмпиттен уланған 10 жасар баланы құтқарды. 19 желтоқсанда бала ауыр және ес-түссіз күйде облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдем көлігімен жеткізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген ақпаратқа сәйкес, дәрігерлер балаға «Кәмпиттердегі кофеиннен улану» деген диагноз қойды. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген бала бірден жансақтау бөліміне орналастырылып, оның асқазаны тазалап, шайылған, бала бір сағаттан кейін есін жиған.

Баланың айтуынша, сабақ біткен соң ол дүкеннен Flush UP деп аталатын энергетикалық кәмпиттің 7-8 данасын сатып алып, бәрін бірден жеген. Біраздан соң ол өзін жайсыз сезініп, одан кейін не болғанын білмейді.

- Науқасты педиатрия бөліміне ауыстырды. Есі шыққан ата-ана дәрігердің баланың жағдайына қатысты қойған сұрақтарына жауап бере алмаған. Бақытымызға орай, біз уланудың себебін дереу анықтап, дер кезінде шаралар қолдандық, ал қазір бала үйге жіберілді, оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады, - дейді дәрігерлер.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#улану #Атырау