$ 444.14  477.05  4.85

Құдықтан мәйіті табылған баланың өліміне қатысты шикіліктер әлі анықталмаған

4 күнге созылған іздестестіру жұмыстарының нәтижесінде, жеткіншектің денесі ашық қалып, бетін қар жауып қалған құдықтың ішінен табылыпты.

Нұр-Сұлтанда 13 жастағы Өмірхан Бақдаулет қар астында ашық қалған құдыққа құлап, опат болған еді. Бұл істің барысы сотта қарастырылған. Ал қазіргі таңда тексерістің шикілігі анықталып, іс тағы да тексеруден өтеді деп шешілген. Марқұм баланың ата-аналары тек бір адамды қылмыстық жауапкершілікке тартқан сот шешімімен келіспеген.

13 жастағы Өмірхан Бақдаулет 2019 жылдың ақпан айында сырғанаққа барып, жоғалып кеткен. 4 күнге созылған іздестестіру жұмыстарының нәтижесінде жеткіншектің денесі ашық қалып, бетін қар жауып қалған құдықтың ішінен табылыпты.

Сот сараптамасы баланың суға батып, денесі үсік шалғандықтан көз жұмғанын анықтаған. Дегенмен жәбірленуші тарапты қорғаушы адвокат сараптаманың дұрыстығына күмән келтіріпті.

Сөзінше, бұған дейін тұрғындар тұратын ауданның маңында "Астана су арнасы" мекемесінің қызметкерлері 6 құдықты ашық қалдырып кеткен. Бұл жағдайды ұйым басшыларының назарынан тыс қалмаса да, арнайы шаралар атқарылмапты. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Құдықтан өлі табылған баланың анасы алғаш рет сұхбат бергені айтылған еді. 

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#құдық