$ 494.87  520.65  4.91

«Төреғали Төреәлімен»: 11 сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығының мұқабасы өзгертілгені рас па? (ФОТО)

"Мынауың артық енді", "Домбыра орнына кальян ұстап алған сияқтысың", "Төреш тілі деп жазбады ма?", "Жетпегені осы еді", "До ре ми фа деп "Музыка" кітап шығармадыңыз ба, Ақ Төреш?", "Ұлы дала кітабы", "Фотошоп болып шықса екен", "Бұл не мазақ?", "Ақшам болса, мен де шығамын", "Төреғали не бітірді, кітап бетіне енетіндей?!", "Лайықты емессіз", "Қолда кальян", - деп жарыса жазды олар.

11 сынып оқушыларына арналған "Қазақ тілі" оқулығының мұқабасында Төреғали Төреәлі бейнеленген сурет желіні шулатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол Instagram парақшасына мұқабасына өзінің суреті қойылған кітапты жариялап, "Құтты болсын, ағайын!" деп жазып қойыпты.

Кейбіреулердің топшылауына қарасақ, кітап жаңажылдық шоу-бағдарламаларға арналған әзіл болуы мүмкін. 

Кітаптың бетіне Төреғалидың қолына домбыра ұстаған суреті таңдалған екен. Мұқабада "Қазақ тілі. Төреғали Төреәлімен" деп жазылған. Бірақ, желідегі оқырмандары бұл жаңалықты ауыр қабылдап, теріс пікірлерді қарша боратты. 

"Мынауың артық енді", "Домбыра орнына кальян ұстап алған сияқтысың", "Төреш тілі деп жазбады ма?", "Жетпегені осы еді", "До ре ми фа деп "Музыка" кітап шығармадыңыз ба, Ақ Төреш?", "Ұлы дала кітабы", "Фотошоп болып шықса екен", "Бұл не мазақ?", "Ақшам болса, мен де шығамын", "Төреғали не бітірді, кітап бетіне енетіндей?!", "Лайықты емессіз", "Қолда кальян" деп жарыса жазды олар.

Пікірлердің арасынан Төрешті құттықтап жатқандар да табылды. Көбісі не болып жатқанын түсінбей, таңырқасып жатыр.

Ал кітап мұқабасына Төреғали Төреәлі суретінің жариялатыны туралы Білім және ғылым министрлігінен ресми мәлімет тарамады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары