$ 494.87  520.65  4.91

Танымал журналистің отбасы қазақстандықтардың көмегіне мұқтаж

Екі жыл бұрын Галина Полеваяның ауыр дертке шалдыққаны туралы суыт хабар көрермендерін алаңдатқан еді. Журналистің отбасы шамасы жетпегендіктен, қазақстандықтардан көмек сұрайды. Қиын жағдайда ешкім шет қалмайды.
фото: КТК
фото: КТК

Алматылық еріктілер әріптесіміз Галина Полеваяның еміне қажетті қаражатты жинауды жалғастыруда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізде болар, қазақстандық танымал журналист екі жылдан астам уақыт бойы онкологиялық дертке қарсы күресіп келеді. Қайсар жан дерттен айығамын деген үмітте. Қазір спорт комментаторы омыртқаға жасалатын тағы бір ауыр әрі қымбат операцияға дайындалып жатыр. Сондықтан Галина Полеваяның отбасы қажетті қаражатты жинау үшін қайырымдылық жәрмеңкелерді ұйымдастыруды жалғастыруда.    

 Жаңа жыл қарсаңында Галина Полеваяның отбасы алматылық еріктілердің көмегімен тағы бір қайырымдылық жәрмеңке өткізді. Емге қажетті ақшаны жинау үшін мұндай шара осымен төртінші рет ұйымдастырылды.

Екі жыл бұрын Галина Полеваяның ауыр дертке шалдыққаны туралы суыт хабар көрермендерін алаңдатқан еді. Журналистің отбасы шамасы жетпегендіктен, қазақстандықтардан көмек сұрайды. Қиын жағдайда ешкім шет қалмайды. Спортшылар, жанкүйерлер мен әріптестері де қолдау көрсетті. Бір жылдың ішінде әр түрлі бірлестіктер мен спорт федерациялары бірнеше қайырымдылық жарыс өткізді.

"Біз Галинаға тек қана ақшалай емес, моральдік және ақпараттық жағынан көмек қолын созған барлық қазақстандықтарға және шетел азаматтарына алғыс айтамыз. Олар барынша Галинаны қолдайтындарын көрсетті", - деді қоғамдық қордың төрайымы Эльмира Алиева. 

Галина үшін әрбір теңге маңызды. Иә, емдеу ақысы қымбат. Оған бір отбасының шамасы келмейтіні анық. Бірақ, әрбір үшінші қазақстандық 100 теңгеден салса, қажетті қаражат жиналып та қалар еді. Журналистің отбасы осыған дейін көмегін беріп келген азаматтарға алғыс айтады. Қайырымды жандардың көмегімен Түркияда Галина Полеваяның жілік майы ауыстырылды. «Хабар» агенттігінің» ұжымы бір күндік жалақыларын аударды. Бірақ, өмір үшін арпалыс әлі жалғасуда. Галинаға тағы бір ауыр әрі қымбат операция жасалуы керек.   

"Мен үшін әр күн қымбат. Ал сіздер маған тұтас бір жыл өмір сыйладыңыздар. Мен кішкентай бала секілді ғажайыптарға сенемін. Жаңа жыл қарсаңында армандар орындалады дейді. Менің арманым - дертімнен құлан таза айығып, балдақ пен кеудеңді қысып тұратын жалпақ белбеуді тастау. Қолдауларыңыз үшін сіздерге мың алғыс! Жаңа жылда шаңырақтарыңыз шаттыққа бөленсін!" - деді «Хабар» телеарнасының тілшісі Галина Полевая.

Әзірге Галина түркиялық клиникада сауықтырудан өтіп жатыр. Бірақ, алдағы емін оңтүстіккореялық дәрігерлер жасауы мүмкін. Оның отбасы сол елдің мамандарымен келіссөз жүргізуде. Жәрмеңке мен жарыстардан қомақты қаражатты жинау қиын. Сондықтан Галинаның туыстары жерлестерінен тағы да көмек сұрауға мәжбүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары