$ 498.34  519.72  4.85

Пара алған «әділет майоры» атақсыз қалды

Қостанай қалалық №2 сотының үкімімен А. Айытовқа 900 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
фото: Sputniknews.kz
фото: Sputniknews.kz

Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекемесінің отряд басшысы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қостанай қаласы 161/2 Комитет басқармасы мекемесінің отряд басшысы, әділет майоры А. Айытовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Ол сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдікті деп танылған.

Жауапты қызметте жүрген кезінде ол сотталған адамға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізген. Сол ісі үшін 30 мың теңге көлемінде пара алған. 2019 жылдың 23 желтоқсанында Қостанай қалалық №2 сотының үкімімен А. Айытовқа 900 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айытов "әділет майоры" арнайы атағынан айырылды. Енді ол мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына шеттетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары