$ 514.65  544.6  5.17

«Саясатқа әйелдерді тарту керек»: Дариға Назарбаева гендерлік теңдік мәселесін көтерді

Себебі әйелдердің мәселелерін тек әйелдер ғана шеше алады. Мен оларды бір-бірін қолдауға және мәслихаттарға белсенді қатысуға шақырдым.
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева 2020 жылы парламенттік тыңдауда гендерлік теңдік мәселелерін көтеруге ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Келесі жылы біз жеті парламенттік тыңдауды жоспарладық. Мен әйелдер күштері альянсымен кездестім. Әйелдер мәселесін заңнамалық жолмен шешу, 45 жастан кейін әйелдерге қатысты кемсітушілік туралы мәселелер өте қызықты болды. Біздің қоғамда ер адамдар 45 жастағы әйелдерді кәрі деп санайды. Бұл жастағы әйелдерге банктерден несие де берілмейді деп ойлайды. Мен гендерлік теңдік, отбасы, неке, қоғамдағы, отбасындағы, серіктестіктердегі әйелдердің мәртебесі туралы тыңдау өткізуді ұсындым», - деді Назарбаева.

Оның айтуынша, саясатқа көбірек әйелдер тартылуы керек.

«Саясатта шешім қабылдауға әйелдерді тарту керек. Себебі әйелдердің мәселелерін тек әйелдер ғана шеше алады. Мен оларды бір-бірін қолдауға және мәслихаттарға белсенді қатысуға шақырдым. Мәжіліске, Сенатқа көбірек әйелдер келуі үшін мен әйелдер саны көбірек болса деп армандаймын», - деп түйіндеді Назарбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары