$ 442.05  474.14  4.74

«Айсұлу» қарсыластарын ойсырата жеңді

Ұлттық олимпиада комитеті нақтылағандай, «Айсұлу» келесі ойындарды 2020 жылдың 15-23 ақпаны аралығында өткізбек.

Қазақстандық «Айсұлу» әйелдер хоккей клубы Еуролигада көш бастап тұр, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы, Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Еуролиганың кезекті туры аясында қазақстандық «Айсулу» әйелдер командасы матчтар өткізіп, нәтижесінде олар кестенің жоғары бағанына тұрақтады. Сонымен, HK SZ Olimpija Ljubljana словениялық командасын 12:0 есебімен ойсырата жеңді.

Сосын клуб Польшаға жол тартып, Team Poland – Silesia Brackens-ке қарсы екі матч өткізді. Екі ойын да 5:1 және 2:1 есептерімен жеңіспен аяқталды» делінген баспасөз хабарламасында.

Ұлттық олимпиада комитеті нақтылағандай, «Айсұлу» келесі ойындарды 2020 жылдың 15-23 ақпаны аралығында өткізбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары