25.12.2019, 09:45

Жануарларды қорғаушылар кафеде иттерді сойып, етінен тамақ жасағанын айтты

"Тексеру нәтижесінде құжаттары болмай шықты. Кешен рұқсатсыз ашылып, санитарлық талаптары сақталмаған", - деді Алматы облысы бойынша тамақ өнімдерін бақылау және қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасары Марат Исмаилов.

Санитарлық дәрігерлер Алматы облысындағы бір кафеде қаңғыбас иттердің етінен тамақ жасады деп болжайды.Бұған желіде пайда болған видео себеп болды. Жануарларды қорғаушылар мекеме аумағынан торды тапқан. Олардың болжамынша, иттерді тамақ жасауға пайдалану үшін торда қамап ұстаған. Кейбір иттердің мойны қарғыбаумен байланған. 

Төрт ит ас-сусыз тордың қараңғы бұрышынан табылды. Ешқандай жағдайы жасалмаған. 

"Адамдардың иттері жоғалып кетті. Олар еш жерден таба алмай дал болды. Алабай иттері жоғалды. Сойып тастаған иттерді қайдан табады?", - деді "Зооклуб" қоғамдық қорының жетекшісі Вероника Гузенко.

Кафе әкімшілігі мұнымен келіспейді. Олар иттерді қауіпсіздік үшін ұстағанын айтады. Алайда торды көрсетуден бас тартты. 

"Екі итті күзету үшін асырадық. Түнде қақпаны жапқанда иттерді босатамыз", - деді әкімші Елена Ким.

Құқық қорғау органы қазір тергеу жүргізіп жатыр. Тамақтану орнының жұмыс істеуге құқығы да болмай шықты. 

"Тексеру нәтижесінде құжаттары болмай шықты. Кешен рұқсатсыз ашылып, санитарлық талаптары сақталмаған", - деді Алматы облысы бойынша тамақ өнімдерін бақылау және қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасары Марат Исмаилов. 

Кәсіпкерге протокол толтырылды. Кафенің алдағы жұмысы қалай боларын сот шешеді. Жануарларды қорғаушы мамандар қазір петиция жинап жатыр. Олар жануарларды қорғайтын заңын қабылдауды сұрайды. 

Дереккөз: Stan.kz

Тегтер: тексеру кафе