25.12.2019, 10:15

Президентке тікелей эфирде сұрақ қойған журналист жұмыссыз қалды (ВИДЕО)

Путиннің қатысуымен өткен баспасөз жиынында журналист президентке көпір құрылысы жайлы сұрақ қойған. Басылымның мәліметіне сүйенсек, әуелгіде көпір құрылысы былтыр көктемде басталады деп жоспарланған.

Ресейде жыл сайын өтетін баспасөз мәслихатында Путинге сұрақ қойған "Ямал-Регион" телерадиокомпаниясының журналисі Алиса Яровская жұмыстан шығып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Znak.com-ға сілтеме жасап.

Путиннің қатысуымен өткен баспасөз жиынында журналист президентке көпір құрылысы жайлы сұрақ қойған. Басылымның мәліметіне сүйенсек, әуелгіде көпір құрылысы былтыр көктемде басталады деп жоспарланған. 

Жиын барысында Яровская Ямал губернаторы Дмитрий Артюхов құрылыс жұмыстары жүруі үшін барлығын жасап жатқанын айтқанын жеткізді. Десе де, жобаның жүзеге аспай жатқанынан құлағдар еткен көрінеді.

Әйтсе де, шенеуніктер Яровскаяның бұл сұрағына наразылық тудырады. Олар өңір басшысының мұндай белсенділігін аса құптамаған.Телеарна редакциясынан келген журналист болса, бұнан басқа тақырып аясында сұрақ қоюы тиіс болыпты. 

Журналист "РИА Новости" ақпарат құралына берген сұхбатында жұмыстан өз еркімен кеткенін айтқан. Дегенмен, жұмыстан кетуінің нақты себебі туралы тіс жармады. 

Губернатор Дмитрий Артюховтың баспасөз қызметі журналистің өз еркімен жұмыстан шыққанын растап отыр.

"Оны жұмыстан шығарып жіберу туралы ақпарат жоқ. Алиса Яровская өз еркімен жұмыстан шығу үшін өтініш жазды", - деп хабарлаған губернатордың баспасөз қызметі.