$ 449.58  486.94  4.86

Алматыдағы бір перзентхана жаңа туған 30 нәрестені сатып жіберген

Алматы қаласындағы перзентханалардың бірінде дәрігерлермен ауыз жаласқан аналар жаңа туған сәбилерін саудалап келген. Бұл ақпаратты Алматы қаласы Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі растады.

Алматы облысына қарасты көп салалы клиникалық аурухана қызметкерлерінің ісі ақ халаттыларға деген сенімге селкеу түсірді. Нәрестелерді бизнес көзіне айналдырған ашкөздер 8 жыл ішінде 30 бала сатқан. Сатып алушылардың саны жыл сайын өспесе, кемімеген. Құрамына акушер-дәрігерден бастап бөлімше меңгерушісіне дейін 10 дәрігер кіретін қылмыстық топ осы уақытқа дейін жасырын әрекеттерін «жемісті» жүргізіп келіпті. Тергеу нәтижесінде белгілі болғандай, олар әр нәрестені 150 мың теңгеден бастап 6 мың АҚШ долларына дейін саудалаған. 

Алматы-тв

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары