Ақтөбе су қоймасының маңында қалың қардан шыға алмай қалған көліктер таңғы сағат төрттер шамасында құтқарылған. Бұл туралы "Диапазон" порталы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап мәлімдеді.
Айта кетейік, осыдан бір күн бұрын ғана облыстың құтқарушылары Ойыл ауданында Ойыл-Қараой тас жолының қарын тазалап, тығылып қалған 12 көлікті шығарып алған еді. Бұл кезде 21 адамды құтқарылған болатын.
Ал, 19 қаңтарға қараған түні Хромтау-Табантал автожолында қарға тығылып қалған "Джип" көлігінің жүргізушісінен көмек сұраған хабар келіп түскен. Оқиға орнына арнайы техникалар мен мамандар жұмылдырылып, құтқару жұмыстары жүргізілді.