$ 494.87  520.65  4.91

«Келісімшарты тұзаққа толы»: Деревянченко «Канеломен» келісе алмағанын айтты

Келісімге келе алмаған екі тараптың өзара олқылықтарынан кейін атақты спортшы Альварес IBF титулынан айрылып қалған.
фото: sports. kz
фото: sports. kz

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко 2018 жылы жазда неге мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек бойынша келісе алмағанын түсіндірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Келісімге келе алмаған екі тараптың өзара олқылықтарынан кейін атақты спортшы Альварес IBF титулынан айрылып қалған. Белбеу кейін Деревянченко мен Головкин арасындағы кездесуде сарапқа салынды.

"Келісе алмадық, негізі мен бас тартқан жоқпын. Олардың келісімшарты тұзаққа толы. Айыппұлдар мен санкцияларға толы. Мысалы, бір фунт салмағың артық болса, 1 милионнан айрыласың. Егер командам DAZN құлақтандыруына дейін Альвареспен жұдырықтасатынымды айтса, бұған да айыппұл. 

Енді Америкаға барамын. Командаммен сөйлесіп, Альвареспен 2020 жылы жекпе-жек ұйымдастыруға тырысамыз", - дейді Деревянченко.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары