$ 442.05  474.14  4.74

Газға тұншығып қаза тапқандардың өліміне кінәлілерге қатысты сот үкімі шықты

Сорғы станциясына жөндеу жұмыстарын жүргізбек болғанда метан газымен тұншығып қалған.
фото: Sputniknews.kz
фото: Sputniknews.kz

«Астана су арнасы» мекемесінің қызметкерлеріне қатысты бүгін сот үкімі шықты. Олар төрт адамның өліміне кінәлі деген күдікке ілінген болатын. Сот үкімімен Алматы ауданы бойынша кәріз қызметі бастығы және сол мекеменің механигі 3,5 жылға дейін бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап.

Естеріңізде болса, төрт адамның қазасы жайлы ақпарат мамыр айында тараған болатын.
 Оқиға былай болған: «Астана су арнасында" жұмыс істейтін төрт сахтехник кәріз құдығына түскен. Сол жерде сорғы станциясына жөндеу жұмыстарын жүргізбек болғанда метан газымен тұншығып қалған. 

Ал жарамсыз болып қалған, қолданылмайтын кәріз құдығы «Астана су арнасы» мекемесінің тізімінде тұр. 
 Осынау қайғылы жағдайдан кейін екі адам тірі қалған еді. Тірі қалған екі адамның бірі - 1998 жылғы жігіт. Ол газдан уланып, ауруханаға жеткізілген. Оны қаза тапқандардың бірі құдықтан ары қарай итеріп жіберген. Осылайша, өзгенің өмірін құтқарған автокран жүргізушісі, 1967 жылғы Амангелді Жаркеев қаза тапқан.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары