$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда кәсіпорын өртеніп, екі жұмысшы өлім аузында жатыр

"Каустик" АҚ қарасты цистерналардың бірін тазалау кезінде өрт шығып, екі жұмысшы өте ауыр халде ауруханаға түскен, бірінің денесінің 90 пайызын күйіп шалған деп жазады total.kz.

Зардап шеккен жұмысшылардың жастары отызға да жетпеген. Оқиға орнын зерттеп жатқан мамандардың сөзінше, өрттен кейін ауаға зиянды қалдықтар тарамаған. Арнайы құрылған комиссия 10 күннің ішінде оқиға себебін анықтамақ. Қазір өмірлері қыл үстінде тұрған екі азаматты құтқарып қалу үшін дәрігерлер барын салып жатыр. Қалалық аурухананың күйік бөлімшесінің меңгерушісі Марат Кенжеғалиннің сөзінше, қазір барлық емдеу шаралары жүргізілуде. Республикалық күйік орталығының жетекші мамандарымен арнайы телеконференция ұйымдастырылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары