$ 494.87  520.65  4.91

"Оңайға" қарсы шыққан автобус жүргізушілері оңбайын деп тұр

Алматы қаласындағы №65 бағыттағы қоғамдық көліктің жүргізушілері "Оңай" төлем картасына қарсы шыққандары үшін жұмыстан шығарылды деп жазады Today.kz.

"Олар бірден жұмыстан шығарылады. Қазір қызметтік тексеріс жүруде. Ереуілге шыққан 8 жүргізуші бүгіннен бастап жұмысқа шықпайды" деді автобус паркінің басшылығы.

Естеріңізде болса 18 қаңтар күні жолаушылардан жол ақысын қолма-қол алған №65 бағыттағы автобус жүргізушісі ұсталып, оның үстінен хаттама толтырылған болатын. Кінәсін мойындаудан бас тартқан жүргізушіні өзге әріптестері қолдап, соңы ереуілге ұласқан. 

Қазір аты даудың ортасынан шықпайтын "Оңай" төлем картасының пилоттық үлгісі өткен жылдың 1 қазанынан бастап енгізілген еді. Енді 11 қаңтардан бері Алматы қаласындағы барлық қоғамдық көліктер мен метро жол жүру ақысын карточкамен қабылдайды. 

Айта кетейік, 18 қаңтардан бастап "Алматы көлік холдингі" ЖШС полицейлермен бірлесіп, қоғамдық көліктерді жаппай тексеруге кірісті. Қолма-қол ақшамен жолақы алған жүргізушілерді 2-5 АЕК көлеміндегі айыппұл мен хаттама күтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары