$ 494.87  520.65  4.91

Нурмагомедов спорттағы мансабын қашан аяқтайтыны жайлы сұраққа жауап берді

Хабиб келесі жекпе-жегін 19 сәуір күні Тони Фергюсонға қарсы өткізеді.

Алматыда өткен баспасөз мәслихатында UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов спорттағы мансабын қашан аяқтайтыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды prosports.kz. 

– Менің спорттағы мансабым әрине бастапқы кезеңде емес екені анық. Ол аяқталуға жақындап қалды. Бірақ нақты қашан екенін әзірге білмеймін. Келесі жекпе-жектен кейін аяқтаймын деп айта алмаймын. 

Алдағы төрт айда тек қана оқу жаттығу жиындарын өткізіп, жекпе-жекке дайындалатын боламын. Қазіргі кездегі бар ойым тек келесі жекпе-жекте, - деді Хабиб Нурмагомедов.  

Естеріңізге салатын болсақ, жеңіліс дәмін көрмеген UFC чемпионы Хабиб келесі жекпе-жегін 19 сәуір күні Тони Фергюсонға қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары