$ 494.87  520.65  4.91

Тізерлеп тұрып итімен қоштасқан ер адамның видеосы жарияланды

Ол өзін итке ветеринарлар екпе жасамай тұрып, итпен бірге қалуын сұрап өтініпті.

Қытайлық әскер өлім аузында жатқан қызмет бабындағы итпен қоштасар сәтте ағыл-тегіл болып жылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде тараған бейнежазбада Бежіңннің Е Хуайбинь есімді әскердің тізерлеп тұрып, У И есімді иттің басын құшақтап жылап жатқандығы байқалады. Ол өзін итке ветеринарлар екпе жасамай тұрып, итпен бірге қалуын сұрап өтініпті. 

Кейіннен лабрадор иттің денесін жерлегенде әскери рәсім барлық шарттары атқарылыпты. 

8 ай ьұрын екі жасар иттің аузында қатерлі ісік анықталыпты. Жарты жылдан бері әскер бауыр басып қалған итіне ем іздеп, оны ветеринарлардың біразына көрсетіпті. Төрт ота жасалған иттің жағдайы жақсармапты. Сол себепті итке оны өмір бақи ұйықтататын дәрі егу туралы шешім қабылданыпты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қытай