$ 494.87  520.65  4.91

Каспий теңізінде әуеден бақылау жүргізген полицейлер браконьерлерді қолға түсірді

Мотоциклдердің қай жерде тұрғаны полицейлерге хабарланған.

Атырау облысында Каспий теңізінде әуеден бақылау жүргізген полицейлер браконьерлерді қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Атыраулық полицейлер балық қорғау қызметкерлерімен бірлесіп тікұшақ арқылы Каспий теңізінің жағалауын барлай ұшқан кезінде мұз үстінде тұрған мотоциклдерді көрген. Олар балық аулауға тыйым салынған аумақта болған. 

Мотоциклдердің қай жерде тұрғаны полицейлерге хабарланған. Дабыл жеткен сақшылар Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі Каменный жарты аралына шұғыл атттанған. Арада көп уақыт өтпей, қала маңындағы кенттердің бірінің үш тұрғыны ұсталды. Мотоциклдер қалаға жеткізіліп, айып тұрағына қойылды»,- деп хабарлады аймақтық ПД баспасөз қызметі. Ұсталғандар әкімшілік жазаға тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары