$ 447.4  477.55  4.76

Деревянченко жекпе-жекте гонарар қалай бөлінетінін айтты

Өзін еліндегі ең бай боксшы санайтын оның сөзіне сенсек, жекпе-жек үшін Деревянченконың ресми чегі - 5,2 миллион доллар, ал Головкиндікі 15 миллион шамасындағы қаржыны құрайды.
фото: Zakon.kz
фото: Zakon.kz

Головкинмен жекпе-жектен кейін Деревянченко өзін "Украинаның ең бай боксшысымын" деп атады. Ол спортшылар арасында гонорардың қалай бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Орта салмақта жұдырықтасатын украиналық Сергей Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек үшін алған гонорарының мөлшерін атап, Украинадағы боксшылар арасында ең жоғары гонорар өзіне тиесілі екендігін жарияға жар салды. 

Өзін еліндегі ең бай боксшы санайтын оның сөзіне сенсек, жекпе-жек үшін Деревянченконың ресми чегі - 5,2 миллион доллар, ал Головкиндікі 15 миллион шамасындағы қаржыны құрайды.

"Қазіргі украиналық боксшылар арасында ең жоғары гонорар алған кім?" - деген сұраққа: 

"Бәрі айтады, енді мен шығармын (күледі). Кімнен қанша алып қалатынына байланысты - 35-40 пайыз. Бапкерлер - 10, менеджер - 10-15 пайыздан, жаттығу лагері бар. Егер белбеулер үшін жұдырықтассаң, әр федерация 2-3 пайыз ұстап қалады. Тағы промоутер алады. Жыл соңында салық төлейсің", - деген Деревянченко, әзірге украиналық былғары қолғап шеберлерінің арасында гонорар алу тұрғысынан көш бастап тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары