$ 447.4  477.55  4.76

«Кез келген дәрігер қателесуі мүмкін» - Денсаулық сақтау министрі

Қоғамдық қабылдау бөлмесінде министрге өтініш білдірушілердің бірі дәрігер 2016 жылы 9 жасар ұлына бұрыс диагноз қойғанын айтты.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлердің қателігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қоғамдық қабылдау бөлмесінде министрге өтініш білдірушілердің бірі дәрігер 2016 жылы 9 жасар ұлына бұрыс диагноз қойғанын айтты. 

«Ұлым мүгедек болып қалды. Ол мүлдем сау бала еді. Дәрігердің немқұрайлылығы дәлелденді», - деді Арайлым Алтаева. 

Әйелдің сөзіне қарағанда, дәрігер алты айға үстемеақысынан айырылған. 

«Менің балам дәрігердің немқұрайлылығынан мүгедек болып қалды. Біз үш несие алдық, толықтай қарызға кірдік. Мен дәрігерлерге сенуді тоқтаттым, ол алты айға премиясынан айырылды. Неліктен мұндай дәрігерлер жақсы дәрігерлердің беделіне нұқсан келтіреді? Олар қатты жазалануы керек», - деді әйел Денсаулық сақтау министріне.

«Мен өз басым бірнеше рет қателескенмін. Кез келген дәрігер қателесуі мүмкін. Сізге бұл туралы ойлаудың қажеті жоқ деп санаймын. Ол жерде бас дәрігер отыр, сізге заң аясында қызмет көрсетіледі», - деп жауап берді Елжан Біртанов. 

Дәл осындай проблемамен Нұр-Сұлтанның тағы бір тұрғыны министрге жүгінді. Ол Біртановтан баласына түрлі емдеу әдістерін қолдануға рұқсат беріп, шетелдік тәжірибеге жүгінуді сұрады. 

«Мен сізге уәде бере алмаймын. Баланы аяғына тұрғызуға уәде беру жеткіліксіз. Біз баламен тәжірибе жасай алмаймыз, ол - тірі адам. Ғылыми негізделген емдеу протоколдары бойынша жұмыс істейміз. Біз шашты түбінен кесіп тастайтын шаштараз емеспіз. Тіпті, ұшқыш та қателесуі мүмкін.

Дәрігерлер қателескен жағдайда, оларға арналған қылмыстық кодекс бар. Олар осы қылмысы үшін түрмеге отырады, жұмыстан шығарылады. Мұндай жағдайлардың қазіргі таңда шешімі іздестіріліп жатыр», - деп түйіндеді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары