$ 448.15  483.46  4.86

Бас мүфти мұсылман зиратының тәртібі мен әдептерін түсіндірді

Сонымен бірге, салт пен дәстүрдің сабақтастығын, мамандарға білім мен біліктілікті үнемі арттыру қажеттілігін айтты.

Нұр-Сұлтанда «Мұсылман зиратының тәртібі және әдептері» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы6 «Әзірет Сұлтан» мешітіне сілтеме жасап.

Семинарға ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қазы Ораз, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров, Шариғат және пәтуа бөлімінің басшысы Сансызбай Құрбанұлы, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Батыржан Мансұров, Қайырымдылық және уахып істері бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев, Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің басшысы Смайыл Сейітбеков, сондай-ақ, бөлім мамандары мен барлық облыстың пәтуаға жауапты қызметкерлер қатысты.

Алғашқы сөз алған Бас мүфти пәтуа берудің діни және қоғамдық жауапкершілігіне тоқталып, семинар жұмысының маңызын тілге тиек етті. Сонымен бірге, салт пен дәстүрдің сабақтастығын, мамандарға білім мен біліктілікті үнемі арттыру қажеттілігін айтты.

«Жиында Қазақстандағы қазіргі зираттардың жағдайы баяндалды және желтоқсан айының басында Ғұламалар Кеңесінде қабылданған «Мұсылман зиратының тәртібі мен әдептері», «Құдайы ас беру тәртібі» атты құжаттар таныстырылды. Оны халыққа жеткізу жолдары, әдіс-тәсілдері талқыланды.

Сондай-ақ, ритуалдық қызмет көрсету мекемелерінің жұмысын реттеу және құдайы ас-мәзірлерін бірізділікке түсіру жөнінде нақты ұсыныстар беру тапсырылды» делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары