Түркия твиттер мен инстаграмды қолданушылар саны бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Бұл туралы «Хабар 24» арнасының сол елдегі меншікті тілшісі Халықаралық «Deloitte» желісіне сілтеме жасап хабарлайды.
28 елде 44 мыңнан астам қолданушылар арасында жүргізілген зерттеудің нәтижесіне сәйкес, түріктің нәзік жандылары инстаграм пен снепчетті жиі қолданады екен. Ал ер адамдар твиттер мен интернет арқылы танысу желілерін таңдаған.
Жалпы Түркияда соңғы жылдарда мемлекеттік мекемелер, саясаткерлер, спортшылар мен қоғамдық қайраткерлер арасында әлеуметтік парақшаларды халықпен байланыс ретінде белсенді пайдаланып келеді. Мысалы, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған твиттерде қолданушылар саны бойынша 14,4 миллионмен көш бастап тұр.
Мемлекет басшысы маңызды шешімдерді де жеке парақшасы арқылы жариялауды әдетке айналдырған.