$ 444.22  476.38  4.82

ШҰҒЫЛ: Алматыда 95 жолаушысы бар Bek Air компаниясының ұшағы апатқа ұшырады

Бортта 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Алматыда "Bek Air" компаниясының ұшағы төтенше жағдайға ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, қоғам белсендісі Денис Кривошеевтің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

"Алдын ала ақпарат бойынша Алматы әуежайынан ұшқан "Bek Air" әуе компаниясының ұшағында мәселелер болған. Борт Нұр-Сұлтанға z9 2100 рейсін орындаған. Қызыл ту ауылы бағытында құлаған. Толығырақ анықтап жатырмын. Жараланғандар бар", - деп жазды блогер Кривошеев.

"Шұғыл хабарлама. Бүгін Алматыдан Нұр-Сұлтанға қатынайтын "Bek Air" әуе компаниясының 2100 рейсі жоспар бойынша 7:05-те ұшып, радардан жоғалып кетті. Бортта 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі бар", - деп хабарлады Алматы әуежайы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары