20.01.2016, 03:04

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батыс және солтүстік-батыс аймақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерінде қар жауады, бұрқасын болады.

Сондай-ақ тұман түседі, көктайғақ, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.  

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіліп, желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

 Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 18-23 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, күндіз  желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

 Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ байқалады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, түнде кей жерлерінде көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында түнде тұман күтіліп, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с.-қа жетеді.

 Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

 Қызылорда облысында, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде желдің 15-22 м/с күшеюі күтіледі.

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қазақпарат