$ 494.87  520.65  4.91

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының 33 жастағы бұрынғы қорғаушысы қайтыс болды

Футболшы Каримов 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
фото: football24.ru.
фото: football24.ru.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының және Германияның "Вольфсбург" командасының бұрынғы қорғаушысы Сергей Каримов қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жасыл алаң жүйрігі Сергей Каримовтың жасы небәрі 33-те болатын. Әзірге оның неден қайтыс болғаны белгісіз.

Футболшы Каримов 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1995 жылы оның отбасы Германияға қоныс аударған.

Футболдағы мансап жолында ол Вольфсбургте ойнады7 Cол командамен бірге 2009 жылы Германия чемпионы атанған еді. 2010 жылы Сергей Каримов Қазақстан құрамында бір рет матчқа қатысқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Футбол